Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Нұр Астана» мешіті күрделі жөндеуден өтті

ummet.kz 22.10.2020 613 0 пікір
«Нұр Астана» мешіті күрделі жөндеуден өтті

Елордадағы «Нұр Астана» мешітінің шатыры, мұнарасы мен қабырғаларына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген еді. Карантин кезінде тоқтап қалған жөндеу жұмысы демеушілер мен жанашыр азаматтардың қолдауымен қарқын алды.

Қазір құлшылық үйінің сырты мен ауласы жаңаша түрленіп, көркейе түсті және жаңа дыбыс күшейткіштермен (колонка) жабдықталды. Одан бөлек «Нұр Астана» мешітіне қарасты оқу ғимараттары мен қасапхананың да іші-сырты толықтай жаңартылды.  

Сондай-ақ, жамағатқа адал ас ішуге мүмкіндік жасалып, мешіт жанынан ҚМДБ халал сертификатымен жұмыс істейтін «Мұмтаз» асханасы ашылды.

–Құранда Алла Тағала: «Расында, Алланың мешіттерін Аллаға және ақырет күніне иман келтірген, сондай-ақ намаз оқып, зекет берген және тек Алладан қорқатын (пенде) ғана тұрғызады. Міне, олар шын мәнінде тура жол тапқандар» деп, құлшылық үйін салдырушылар мен құрылысына демеу көрсетушілерді сүйіншілейді.   Біз де «Нұр Астана» мешітінің әкімшілігі мен ұжымының атынан қолдау көрсеткен барша атымтай жомарттарға алғыс білдіреміз, - дейді мешіт қызметкерлері.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі