Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Пәтуа мәселесі талқыланды

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 22.10.2020 2323 0 пікір
ШҚО: Пәтуа мәселесі талқыланды

Өскемен аймағы өкілдігі жариялаған «Мешіт және дін қызметкері» апталығының аясында өңірдің пәтуа бөлімі онлайн жиын өткізді. 

Бұл шараға ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұлов, аудандардың пәтуа ісіне жуапаты мамандары қатысты. Жиында Х.Аманқұлов имамдарға ҚМДБ «Ғұламалар кеңесінін бекітілген пәтуаларды насихаттаудың маңыздылығы жайлы айтты.

Басқосуда :«Халықтан пәтуаға қатысты өзекті сауалдар жиі қойылады. Сонықтан бұл саладағы шешімдерді халыққа насихаттаудың маңызы ерекше. Пәтуаларды насихаттау ісі халыққа дұрыс діни ақпарат берудің алғы шарты» деп атап өтті, Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы, пәтуаға жауапты маманы Қанат Дауылбаев.

Онлайн шарада аудандық, қалалық мешіттердің пәтуаға жауапты мамандары сауалдарын қойып, жауап алды. Жиында пәтуаның өзектілігі талқыланып, алдағы жоба-жоспарлар ортаға салынды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру