Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: «Нәтиже» халал сертификатын жаңартты

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі ihsan.kz 22.10.2020 2758 0 пікір
Қарағанды: «Нәтиже» халал сертификатын жаңартты

Қарағанды облысында орналасқан «Нәтиже сүт фабрикасына» өңірдің бас имамы Өмірзақ Қазкенұлы жаңа «ҚМДБ халал» сертификатын табыстады.

Бұл фабрика сүт өнімдерінің таза сүттен дайындалатынын, табиғи екендігін растаған болатын. «Халал Даму» ЖШС Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Ысқақ Абдрахманов арнайы бақылау жұмыстарын жүргізіп, фабриканың сертификатын жаңарту мақсатында сүт өнімдерінің құрамы, кәсіпорынның өндірістік жабдықтары, зертханасы, шикізат базасы мен ішкі тазалығын тексерді. Сондай-ақ қызметкерлердің жұмыс жасау барысы, санитарлық тазалық шарттарын сақтауы, шариғат талаптарына сай емес өнімдерді қолданбауы, мекемеге шикізат өнімдерін тасымалдаушы кәсіпорындардың құжаттары, техникалық құрал-жабдықтардың стандарт талаптарына сай жабдықталуы, қаптамалардың адам денсаулығына зиянды болмауы секілді өнім өндіруден бастап тасымалдап сатуға дейінгі барлық жұмыс процесі тексерілді. 

Фабрика 1999 жылдың наурыз айынан бастап жұмыс істеп келеді. Қарағанды облысында орналасқан басты зауыттың жалпы аумағы 2740 шаршы метрді алып жатыр. Зауыттың қуаттылығы тәулігіне 86 тонналы өндірісті құрайды. Тәулігіне 50-55 тонна шикізатты өңдеп, 45-50 тонна дайын өнімдерді шығарады. Зауыт сүт түрлерінің 2,5-3,2%-ды сүт, айран, түрік айраны, йогурт, сары май, сүзбелі өнімдер, балмұздақ өнімдерін өндіреді. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру