Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: Жылулық шуағын шашқан – Мәуліт айы

21.10.2020 2722 0 пікір
Алматы: Жылулық шуағын шашқан – Мәуліт айы

ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен пандемия кезеңінде әлеуметтік көмекке зәру, көпбалалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі  мұқтаж жандарға республикалық көлемде көмек беру акциялары ұйымдастырылды.  

Осы үрдісті жалғастыра отырып, Алматы қаласы, Наурызбай ауданында орналасқан «Қалқаман-2» мешітінің бас имамы Кенжеәлі Қоңыратбайұлының ұйымдастыруымен Мәуліт айының құрметіне «Саллаллоһу әлейһи уәссәләм»  атты  қайырымдылық шарасы өтті. 

Іс-шара мақсаты – жақсылықта жарысқан мешіт жамағатының сый-сияпаттарын көпбалалы аналар мен дін қызметкерлеріне тарту ету. Сыйлыққа берілген себет ішінде азық-түлік пен жаңа киім-кешектер болды. Іс-шара аясында мешіт қызметкерлері екі күннің ішінде 42 отбасын мәуліт мерекесімен құттықтап, сый себетін тарту етті.   

Жиын соңында бас имам  қатысушыларды мәуліт айымен құттықтап, еліміздің амандығы үшін дұға тілеп, инабаттылыққа шақырды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру