Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Семей: Кітап оқып, ой бөлісіп, сыйлық алды

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі alashdin.kz 20.10.2020 2888 0 пікір
Семей: Кітап оқып, ой бөлісіп, сыйлық алды

Семей қалалысы Қос мұнаралы Орталық мешітіндегі «Ұлжан ана» мектебі бастамасымен жергілікті қыз келіншектер арасында онлайн режимде түрлі тағылымдық шаралар жиі ұйымдастырылуда.

Ондағы мақсат – шәкірттердің кітапқа қызығушылығын арттырып, діни таным-түсінігін кеңейту, дәстүрлі дініміз жайындағы білімдерін тереңдете отырып, рухани кемелдікке бастау. Мәселен, өткен қыркүйек айының басында қыз келіншектер арасында Ислам әлеміне аты мәшһүр әйгілі ғалым имам Әбу Мұхаммад әл-Ғазалидың «Жүрек сырлары» атты кітабын оқу басталған болатын. Белгіленген тәртіп бойынша WhatsApp желісі арқылы күнделікті түрде аталмыш кітаптың электронды нұсқасынан бір тақырып беріліп, оқығандар ойларымен бөлісіп, өзара пікір алмасып отырды. Қатысушылардың ықыласы аса жоғары болғанын айта кеткен орынды.

 Осылайша, бір ай мерзім ішінде құнды туынды толық оқылған соң, ынталы оқырман соңғы нәтиже ретінде эссе жазды. Кітап мазмұны жайлы көңілге түйген көркем ойларын кестелі тілмен жеткізе білген үздік оқырман ынталандыру мақсатындағы арнайы сыйлықтармен марапатталды. Бірқатар қатысушыларға осылайша намаз киімі мен «Пайғамбарымыздың отбасындағы мінсіз мәмілесі» атты тамаша кітап тарту етілді. Үздік эссе жазған екі қатысушы Семей қаласынан болса, екі қатысушы Талдықорған және Қызылорда қаласынан болғаны үшін пошта арқылы сыйлықтары жөнелтілді.

«Онлайн түрінде кітап оқу, ой бөлісіп, эссе жазудың рухани тұрғыдан берері мол. Мұндай шаралар алдағы уақыттарда да жалғасады. Танымдық-тағылымдық мәні зор басқа кітаптарды бастау ойымызда бар» дейді аталмыш иігілікті бастаманы ұйымдастырушылар.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру