Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскемен: Әйел-қыздар секторы онлайн жиын өткізді

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 20.10.2020 2495 0 пікір
Өскемен: Әйел-қыздар секторы онлайн жиын өткізді

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі Әйел-қыздар секторының «Зере Ана» клубы онлайн жиын өткізді. Іс-шара өкілдіктен жарияланған өңір бойынша «Мешіт және дін қызметкері» апталығының аясында өтті.

Онлайн шараға Өскемен аймағы бойынша Әйел-қыздар секторының аудандардағы ұстаздары қатысты. Жиында «Зере Ана» клбубының жұмысын жаңа бағытта ұйымдастыру, бес мектепті дамыту қатарлы мәселелер талқыланды. Сонымен қатар аудандарда әйелдер сауат ашу курсын оңтайлы ұйымдастыру мәселесі қаралды.

«Біз өкілдіктен арнаулы жоспарлар жасап, алдағы шараларды белгілеп отырмыз. Басты мақсатымыз қазақ әйелінің көркем бейнесін қалыптастыру, ізігілік және ар мен иманды насихаттау» деп атап өтті ҚМДБ Өскемен аймағының Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Талшын Зарқымқызы.

Жиында әйел ұстаздар өз ұсыныс-пікірелерін ортаға салды. Алдағы уақытта өңірде Әйел-қыздар секторы бірқатар онлайн шаралар өткізуді жоспарлап отыр.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру