Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: «Көшпелі керуен» Қармақшыда

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 20.10.2020 2501 0 пікір
Қызылорда: «Көшпелі керуен» Қармақшыда
ҚМДБ «Зекет» қайырымдылық қорының бастамасымен республика көлемінде бастау алған «Көшпелі керуен» қайырымдылық акциясы Қармақшы ауданында жалғасын тапты.
 
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен игі шарада бас имам Болатбек Ұласқанұлы мүбәрак Мәуліт айының келуімен құттықтап, әлеуметтік жағдайы төмен 30 отбасыға азық-түлік қоржындарын табыстады.
 
Қармақшы аудандық «Қармақшы ата» мешітінде өткен шарадан соң Сыр өңірінің бас имамы бастаған мешіт қызметкерлері аудандағы «Аңсаған» мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту орталығын зиярат етті. Орталық тынысымен танысқан Б.Ұласханұлы кілем тарту етіп, келешекте де мешіт тарапынан мүмкіндігінше қолдау көрсетілетінін жеткізді.
 
 
 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру