Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: Рухани келісім күніне орай ағаш отырғызылды

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі ihsan.kz 19.10.2020 3134 0 пікір
Қарағанды: Рухани келісім күніне орай ағаш отырғызылды

Рухани келісім күніне орай Қарағанды облысына қарасты Абай ауданында дін қызметкерлері бірігіп орталық саябақта 30 түп тал отырғызды.

Игі іс облыс бас имамы Өмірзақ Қазкенұлының бастамасымен, аудан имамы Аманбол Мұкаевтың ұйымдастыруымен жүзеге асты.

– Жаратушы Иеміз «Әли Имран» сүресінде: «...Бөлінбеңдер», деп әмір етсе, Оның елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «...Көпшілікпен бірге болыңдар! Бөлінуден сақтаныңдар», деп, жамағатты, барша адам баласын мейірімділікке, ортақ мақсатқа үндеген. Халқымыздың би-шешендері мен ақын-жыраулары да әрқашан өсиетті сөздері мен ғиб-ратты толғауларында, өлең-жырларында өзара келісімді насихаттаған. Майқы бидің:

«Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, Төртеу түгел болса, төбедегі келеді», деген нақыл сөзі қанша ғасыр өтсе де ұрпаққа өнеге.

Елбасының игі бастамасымен елімізде қалыптасқан дінаралық татулық, ұлтаралық келісім – ширек ғасырға татитын тәуелсіз еліміздің жеткен басты жетістіктерінің бірі, - дейді ұйымдастырушы имамдар.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру