ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Жастар ісі» секторының жауапты өкілі Нұржігіт Оразалыұлының ұйымдастыруымен жергілікті «Хоспис» қарттар үйінде қайырымдылық шарасы өтті.
Игі шара Рухани келісім күнінің құрметіне орай өткен шарада науқастарға сыйлықтар мен керек-жарақ затар үлестіріліп, мекеме қызметкерлеріне табыс етілді. Қазіргі санитарлық талаптарға байланысты науқас жандармен жылдағыдай жылы жүздесулер мен әдемі әңгіме ұйымдастыру мүмкін болмады. Рухани келісім күніне орай ұйымдастырылған шараға өзге де дін өкілдері ат салысып, үлес қосты.
«Бұл халық пен елдің, өзге діндер мен ұлттардың бөлінбей, керісінше бірге, тату болып отырғандығының көрінісі. Халқымыздың татулығы мен бірлігі – еліміздің өркендеп, алға басуына себеп болады. Осы байлығымызды қадірлей білу, оны жас ұрпақтың жүрегіне ұялату – еліміздің жарқын болашағының кепілі болмақ» дейді ұйымдастырушылар.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі
ihsan.kz
18.10.2020
3078
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру