Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскемен: Рухани келісім күніне орай жиын өтті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 17.10.2020 466 0 пікір
Өскемен: Рухани келісім күніне орай жиын өтті

Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің ұйымдастыруымен «Рухани келісі күніне» арналған онлайн басқосу өтті.

Шараға ҚМДБ Өскемен аймағының бас имамы Ермек Қасболатұлы бастаған имамдармен қатар Шығыс Қазақстан облыстық Дін істері басқармасының мамандары және басқа да діни бірлестіктердің өкілдері, дінтанушылар қатысты.

Ермек Қасболатұлы өңір жұртшылығын «Рухани келісім күнімен» құттықтап, осынау мерекенің маңызы, рухани келісімнің қоғамдағы тұрақтылыққа ықпалы жайлы өзекті ой қозғады.

Бас имам: «Елбасымыздың бастамасымен еліміз әлемдік және дәстүрлі діндердің бейбіт қарым-қатынасының алтын көпірі бола алды. Рухани келісім және ұлтаралық және дінаралық татулық еліміздің жүргізіп отырған саясатытытң жемісі. Асыл дініміз Исламда дін өкілдері бір-біріне құрметпен қаруа керек деген қағида бар. Ислам халықтар арасындағы татулықты, өзара түсіністікті қалайтын дін» деп айрықша атап өтіп, шараның маңыздылығы жайлы сөз қозғады.

Шарада басқада діни бірлестіктер жетекшілері сөз сөйлеп, елімізде салтанат құрған ұлтаралық тұрақтылық пен діндер арасындағы татулықтың Қазақ еліндегі тыныштықтың басты кепілі деп бағалады. Жиында сөз алғандар Өскемен өкілдігінің атқарып жатқан игі істеріне оң баға берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі