Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Бас имам аудан әкімімен кездесті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 16.10.2020 2757 0 пікір
ШҚО: Бас имам аудан әкімімен кездесті

Алда келе жатқан «Рухани келісім күні» қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудан әкімі Тамара Рахымжанова аудандық «Ақтас» мешітінің бас имамы Досжан Үмбетті қабылдады.

Аудан имамы әкімге мешіттен жасалып жатқан рухани және қайырымдылық шараларын кеңінен таныстырып өтті. Д.Үмбет: «Аудан бойынша мұқтаж отбасыларға көмек көрсету, әлеуметтік мекемелеге қайырымдылық жасау қатарлы ізгілік шараларын үздіксіз жасап келеміз. Сонымен қатар жат ағымдарға қарсы насихат шаралары жүйелі атқарылып жатыр» деп атап өтті.

Аудан әкімі Т.Рахымжанова мешіттің ахуалы туралы және қысқы жылу маусымына дайындығы және мешіттің қажетті құралдармен жабдықталуы туралы сұрап, бірқатар мәселелерді талқылады. 

Сондай-ақ әкім аудан мешітіне мүмкіндігінше қолдау көрсетіп, бірлесіп қызмет атқаратындығын жеткізіп, аудан имамымен ұлттық құндылықтармен рухани тәрбиені насихаттау, дамыту бағытында бірқатар шаралар жасауға келісті. Д.Үмбет дінімізге жанашырлығы үшін аудан әкіміне алғыс білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру