Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан: Аудан имамдары тағайындалды (ФОТО)

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі yassi.kz 16.10.2020 2616 0 пікір
Түркістан: Аудан имамдары тағайындалды (ФОТО)

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Түркістан облысының Жетісай және Мақтаарал аудандарына жаңадан бас имам тағайындалды.

Атап айтсақ, Жетісай ауданына бас имам болып Жорабай Дулатбаев, Мақтаарал ауданына Мансұр Аймұхаммедов келді. Ал екі ауданның бұрынғы бас имамдары Бекзат Сыздықов пен Бауыржан Паташовқа жергілікті билік өкілдері мен жамағат ризашылығын білдіріп, қошемет көрсетті.

Сондай-ақ, Созақ пен Қазығұрт аудандарында да ішінара тағайындаулар болды. Ауылдық мешіттерге оннан аса жаңадан маман қабылданды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру