Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: Абайдың 175 жылдығына орай мүшәйра өтті

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі ihsan.kz 15.10.2020 2695 0 пікір
Қарағанды: Абайдың 175 жылдығына орай мүшәйра өтті

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының арнайы әр аптаға бір шара бастамасы аясында Қарағанды облысына қарасты Саран қалалық мешітінде облыс бас имамы Өмірзақ Қазкенұлының тапсырмасымен ұлы ойшыл, даңқты ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Махаббатпен жаратқан адамзатты, сен де сүй Ол Алланы жаннан тәтті» жыр мүшәйрасы өтті.

Сайысқа облыс бас имамы Өмірзақ Бекқожа, Саран қаласының зиялы қауым өкілі Адамжан Рақымбердіұлы мен Саран қалалық мешітінің бас имамы Мұхаммедқали Саликов қатысып, төрелік етті. Абай Құнанбайұлының мерейтойына арналған мүшәйраға жеті қатысушы қатысып, ең үздік деген үш жеңімпаз анықталды. Атап өтсек, жүлделі 3-орынды Нұрмаханов Аманжол қанжығасына байласа, 2-орын Айдын Олжасқа тиесілі болды. Ал бас жүлдені Сәулет Сәби иеленді.

Қатысушы жастарға мешіт қолдаушыларының атынан ақшалай сыйлық табыс етілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру