Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Ерікті жастар тал отырғызу акциясына қатысты

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 15.10.2020 2678 0 пікір
Қызылорда: Ерікті жастар тал отырғызу акциясына қатысты

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен ағаш отырғызу акциясы өтті.

ҚМДБ-ның Сыр өңірі бойынша бас имамы Болатбек Ұласқанұлы бастаған дін қызметкерлері мен мешіттердің жамағаты, ерікті жастар Қызылорда облыстық балалар ауруханасының ауласына алма, сары өрік секілді жеміс ағаштары және сыр талы мен терек ағаштарының 60 көшетін отырғызды.

Игі шара Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 30 жыл толуына орай бастау алған «30 жылдық мерейтойға 30 игі шара» жобасы аясында ұйымдастырылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру