ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ҚМДБ-ның 30 жылдығына орай ел аумағындағы 30 мешітке күрделі жөндеу жасауды тапсырған болатын. Осы тапсырма негізінде Өскемен өңірінде бірқатар мешіттерге жөндеу жұмыстары жасалуда.
Атап айтқанда Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы «Барақ батыр» мешітіне жөндеу жасалды. Мешіттің еденіне жылу төселіп, ішкі-сырқы жөндеу жұмыстары толықтай аяқталды.
Айта кетейік, «Барақ батыр» мешіті Күршім ауданының Барақ батыр ауылында орналасқан. 2010 жылы Уатқан Сексенбаевтың қаражатына салынды. 120 адамға арналған. Мешітте дәліз, намаз оқитын үлкен зал және имамның қызметтік бөлмесі бар. Биіктігі – 4, күмбезімен қосқандағы биіктігі – 6,5, мұнарасының биіктігі – 7 метр.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
15.10.2020
3081
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру