Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Құдық қазған адам шексіз сауапқа кенеледі

Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 15.10.2020 2919 0 пікір
Ақтөбе: Құдық қазған адам шексіз сауапқа кенеледі

Діни басқарманың 30 жылдық мерейтойы қарсаңында «30 игі шара» жобасы аясында көптеген іс-шаралар атқарылуда. Соның бірі «30 құдық қазу» жобасы.

Осы бастамаға үн қосу мақсатында Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешіті жанынан құдық қазылды. Сауапты іске жергілікті жамағат атсалысып, демеушілік жасады. Құдықтың тереңдігі – 20 метр.

Мешіт жанынан жергілікті әкімдіктің рұқсатымен қосымша 1000 шаршы метр жер қосып алынды. Алдағы уақытта осы аумақты көгалдандыру мақсатында жеміс ағаштары егілмек.

Шөл далаға құдық қазған, өзенге көпір салған, жолға ағаш еккен жанның шексіз сауапқа кенелетіні хадистерде баяндалады. Пайдасы мол сауапты іске атсалысып, жомарттық жасаған қайырымды азаматтарға Алланың берекетін тілейміз!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру