Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: «Айтбай ата» мешіті 20 отбасыға көмек берді

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 14.10.2020 3436 0 пікір
Шымкент: «Айтбай ата» мешіті 20 отбасыға көмек берді

Шымкент қаласы, Абай ауданындағы «Айтбай ата» мешітінің ұйытқы болуымен «Әр аптаға бір шара» жобасы аясында қайырымдылық шарасы жалғасуда. Қайырымдылық шара барысында көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі мұқтаж жандардың үйлерін аралап, тұрмыс жағдайын біліп, қажетті көмектер берілді.

Айтулы шара барысында дін қызметкерлері 20 мұқтаж отбасының үйлеріне азық-түлік және бір келім төсеніш жеткізіп, қуанышқа бөледі. Игі шараға қатысқан Абай ауданының бас имамы Бердалы Жәшім бұл шараның ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының айрықша жобасы екенін айтып, қайырымдылық шараға тұрақты демеушілік жасап жүрген кәсіпкер Саухан Аташбекұлына ризашылығын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру