ҚМДБ Ақтөбе облыстық өкілдігі орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша ІХ республикалық Құран жарысына Ақтөбе облысы бойынша іріктеу байқауын өткізді.
Байқау Құран Кәрімнің 30, 20 және 10 парасын жатқа және мәнерлеп оқу секілді 4 номинация бойынша ұйымдастырылды. Жарыс басында «Нұр ғасыр» мешітінің наиб имамы Әли Алмат Құранның қадір-қасиеті мен Құран жарысының маңызына тоқталып, сайысқа қатысушы үміткерлерге сәттілік тіледі.
Іріктеу сайысына Ақтөбе облысы бойынша 14 үміткер қатысты. Құран жарысының іріктеу сайысына Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы, «Ақжар» қайырымдылық мекемесінің (қарилар орталығы) директоры Бекжан қари Әлденов, «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамдары Әли Алмат пен Нұрбол Смағұлов қазылық етті.
ІХ республикалық Құран жарысының іріктеу сайысында Құран Кәрімнің 30 парасын жатқа оқу бойынша І орынды Раушан Хабиболла, 20 парасын жатқа оқу бойынша І орынды Бекзат Тасболатов, 10 парасын жатқа оқу бойынша І орынды Абдуәли Мұсаев, ал Құран Кәрімді мәнерлеп оқу номинациясы бойынша І орынды Юсуф Тұрсұнқұлов иеленді. Аталған 4 номинация бойынша жүлделі І орын иегерлеріне Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша ІХ республикалық Құран байқауына жолдама берілді.









ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
14.10.2020
2923
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру