Ақтөбе қалалық Орталық мешітінің бас имамы Нұрлыбек Шәкизадаұлы мен наиб имам Шынболат Әлімқұлұлы бірінші топ мүгедегі Шұға Боранқұлованың үйіне арнайы барып, зиярат етті.
Дін қызметкерлері бала күнінен ауыр сырқат тауқыметін тартып келе жатқан Шұға Бәшентайқызының тұрмыс жағдайымен танысып, мүгедектер арбасын сыйлады. Өзіне берілген сынақ қиындығына сабырмен қарап, шыдас берген Шұға Бәшентайқызы інісінің отбасымен бірге Ақтөбеде пәтер жалдап тұрады. Бауыры бақилық болғанымен, күні бүгінге дейін келіні мен немерелерінен іргесі ажыраған емес. Отбасы әулеттің үлкеніне үнемі қамқорлық танытып келеді.
Ол қайырымды іс жасап, нақты көмек көрсеткен қалалық мешіт ұжымына шексіз ризалығын білдіріп, алғысын жаудырды. Дана халқымыз «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді. Күзгі салқында бір мүмінге жан жылуын сыйлаған қайырлы істі Алла Тағала сауаптан жазғай!

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақмола облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
13.10.2020
2748
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру