Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Сыр намысын қорғайтын үміткерлер анықталды

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 13.10.2020 2842 0 пікір
Қызылорда: Сыр намысын қорғайтын үміткерлер анықталды

ҚМДБ Қызылорда облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ІХ республикалық байқауға аймақтық іріктеу сайысы өтті.

Байқау карантин талаптарын сақтай отырып, онлайн онлайн форматта өтті. Байқауға қатысушылар Құран Кәрімнің 10, 20, 30 параларын жатқа және мәнерлеп оқу номинациялары бойынша бақ сынады.

Сайысқа Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ұстаз, наиб имамдары М.Абжалелов, Ш.Садуов, И.Қаюпов сынды қарилар төрелік етіп, үздік нәтиже көрсеткен қатысушыларды жеңімпаз деп таныды.

Атап айтар болсақ, «Құран Кәрімнің 30 парасын жатқа оқу» бойынша (150 000 теңге) Қ.Абишев, «Құран Кәрімнің 20 парасын жатқа оқу» бойынша (100 000 теңге) А.Құдайқұлы, «Құран Кәрімнің 10 парасын жатқа оқу» бойынша (70 000 теңге) М.Абжаппар, «Құран Кәрімді мәнерлеп оқу» бойынша (50 000 теңге) Б.Тантақ жүлдегер атанып, ІХ республикалық байқауға жолдама алды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру