Батыс Қазақстан облысының Жалпақтал ауылындағы Дина Нұрпейісова мен Мәншүк Маметова көшелері қиылысында орналасқан Жалпақтал мешіті жанынан автотұрақ ашылды.
Автотұрақ мешітке алыс-жақыннан ат шалдырып Аллаға құлшылық жасап, марқұмдарға Құран бағыштап, дұға етуге келетін автокөлік иелері үшін нағыз сый болды. Өйткені бұған дейін мешітке келген жолаушылар көлігін қайда қоярын білмей, жер шарлап кететін еді. Енді міне, Жалпақтал мешітінің қас бетіндегі кең алаңқай автотұраққа айналып, көшенің өңі кіріп қалды.
Автотұрақтың ашылуына Батыс Қазақстан облысының бас имамы Мұратбек Қыстаубаев, Жалпақтал мешітінің бас имамы Тілепберген Нұралиев және «Сана Маркет» ЖШС директоры Жасталап Хабиев қатысты.
Мұратбек қажы Қыстаубаев мемлекеттік бағдарлама аясында ауыл көшелеріне жаңа автожол төсеген «Айдана» ЖШС құрылысшыларына ортақ мүддеге үлес қосқаны үшін ризашылық білдіріп, толайым табыс тіледі.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Батыс Қазақстан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
13.10.2020
3132
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру