ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі өңір бойынша «Мешіт және дін қызметкерлері апталығын» жариялады.
Бұл игі бастама туралы ҚМДБ Өскемен аймағының бас имамы Ермек Қасболатұлы: «Әр күн сайын өңір мешіттерінің бас имамдары әлеуметтік желіде тікелей эфирге шығып, ҚМДБ-дан кл көлемінде атқарылып жатқан ізгі шараларды насихаттайды. Сонымен қатар өз мешіті жайлы ақпарат береді. Мұнда мешіттеріндегі жасалып жатқан рухани іс-шаралар, мешіттердің қысқы маусымға әзірлігі, маманды имамдармен қамтылуы қатарлы өзекті сауалдарға жауап алуға болады. Ең бастысы мешіт қызметі халыққа насихатталады» деп атап өтті.
Өңірдің бас имамы сонымен қатар онлайн түрде өтіп жатқан рухани шаралардың маңыздылығы жайлы да тілге тиек етті. Аймақ бойынша апталық аясындағы шаралар басталып та кетті. Апталық өкілдіктің арнаулы жоспары бойынша 13-18 қазан аралығында жүріледі деп жоспаранып отыр.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
furqan.kz
12.10.2020
3394
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру