ҚМДБ-ның Өскемен аймағының өкілдігінің имамдары онлайн режимде жиын өткізді. Жиналысқа қала, аудан бас имамдары қатысты. Жиынның күн тәртібінде діни қызмет сапасын жақсарту, мешіттердің қысқы маусымға әзірлігі қатарлы мәселелер пысықталды.
ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Қасболатұлы жиналыстың маңызына тоқталып, алдағы міндеттермен таныстырды. Бас имам: «Қазіргі таңдағы қалыптасқан жағдайға байланысты онлайн жиын өткізіп отырмыз. Аудан, қалалық мешіттер қазірде карантин талаптарын сақтай отырып, қызмет етіп жатыр. Онлайн уағыздар, жамағаттың сауалдарына әлеуметтік желілерде жауап беру қатарлы насихат жұмыстары арнайы жоспармен үздіксіз атқарылуда. Имамдарымыз діни қызметтің маңыздылығын барынша түсініп, өз міндеттерін абыройлы орындау керек» деп айырықша атап өтті.
Ермек Қасболатұлы жиында қысқы маусымға әзірлікті пысықтап, имамдарға діни іс-қызметті барынша сапалы үйлестіруді тапсырды.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
furqan.kz
12.10.2020
3281
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру