Семей қаласының кәсіпкері Марат Қалиқанұлы басқарып отырған «ҚАЛИҚАНҰЛЫ» ШҚ «Айша» Сауда белгісімен танымал болған шұжық, сүт өнімдері және шаруа қожалығының қасапшылары ҚМДБ-ға қарасты «Халал Даму» ЖШС сертификатына ие болды.
«Қазіргі уақытта ҚМДБ-ға қарасты «Халал Даму» сертификатын алуға ниетті азаматтардың көбейіп келе жатқаны көңіл көншітеді. Қазақ халқы атам заманнан алдындағы асына мұқият болып, ненің адал, ненің арам екеніне бей-жай қарамағанын білеміз. Ас адамның арқауы демекші, адал ас денсаулықтың кепілі болғандықтан, сіздерді «Айша» сауда белгісімен өндірілген және де ҚМДБ-ға қарасты ХАЛАЛ ДАМУ ЖШС-ның сертификатына ие болған өнімдерді пайдалануға шақырамыз» дейді Семей аймағының бас имамы Асқар Әбітайұлы.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі
alashdin.kz
11.10.2020
3787
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру