Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Ислам орталығында өткен игі жүздесу

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 11.10.2020 4467 0 пікір
Шымкент: Ислам орталығында өткен игі жүздесу

Шымкент қаласы «Халал Даму» бөлімінің өкілі Қазыбек Сарыбаев және орталық мешіті жанындағы «Әжелер» мектебінің мүшелері Түркістан облысының Сарыағаш ауданында орналасқан «Сатыбалды Әбішұлы» атындағы Ислам орталығында болып, іс шаралар ұйымдастырды.

Кездесу барысында Шымкент қаласы «Халал Даму» бөлімінің өкілі Қазыбек Сарыбаев, «Әжелер» мектебінің мүшелері  «Сарыағаш» медресе-колледжінің қыздар бөлімінде болып әйел ұстаздармен кездесті. Кездесу барысында әжелеріміз өздерінің ұсыныс-пікірлер айтып, өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, медресенің тыныс-тіршілігімен танысты. Арнайы ұйымдастырылған шара барысында Қазыбек Сарыбаев Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлының ұстаздарға жолдаған дұғай сәлемін жеткізді.

Шара аясында әжелеріміз ұстаздар қауымына ақ дастархан жайып, бірігіп оқыған қасиетті хатым Құран Кәрімді жуырда өмірден өткен ұстаз Әбдіғаппар Шәкірұлына және  т,б, ата-баба рухтарына бағыштады. Ұйымдастырылған шарадан ерекше әсері алған «Сарыағаш» медресе-колледжінің құрметті ақсақалы, ұстаз Әбдіжаппар қажы Сманов келген топ мүшелеріне алғысын айтып, ризалығын білдіріді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру