Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Нұрлыбек Шәкизадаұлы облыс орталығында орналасқан «Нұр Мүбарак» университетінің дайындық бөлімінде болып, оқу орнының қазіргі тыныс-тіршілігімен танысты.
Былтырғы алғашқы оқу жылында дайындық курсын оқып-бітірген балалардың барлығы бүгінде оқуға түскен. Биыл бұл бөлімге тағы да 18 шәкірт қабылданып, діни бағытта білім алуда. Ақтөбеліктермен бірге, Ақтау, Атырау, Қызылорда мен Оралдан келген жасөспірімдер үшін екі сынып бөлмесі керекті оқу-құралдарымен жабдықталған. Балалардың жатақханада жатып оқуына да барлық қажетті жағдай жасалған.
Шәкірттермен кездесу барысында Нұрлыбек Шәкизадаұлы Исламдағы білім мен еңбекқорлық хақында мазмұнды әңгіме өрбітті. Сондай-ақ оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар бас имам оқу орнына 20 Құран кітабын сыйлыққа берді.
Айта кетейік, Ақтөбедегі «Нұр Мүбарак» университетінің дайындық бөлімі былтыр ашылған болатын. Ашылу салтанатына облыс әкімі О.Оразалин, «Нұр Мүбәрак» университетінің ректоры Мұхаммед Аш-Шахат әл-Жинди мен проректор Қ.Құрманбаев арнайы қатысқан болатын.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
10.10.2020
2808
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру