Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Аудандық мешіттің бір жылдық есебі тыңдалды

Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі akmechet.kz 09.10.2020 2841 0 пікір
Қостанай: Аудандық мешіттің бір жылдық есебі тыңдалды

Қостанай облысы Сарыкөл аудандық «Аққозы қажы» мешітінде аталмыш ұжымның алқа мүшелері мен белсенді жамағаты бас қосты.

Бас имам Нұрбол Балахметов мешіттің бір жылда атқарған қызметіне кеңінен тоқталды. Яғни 2019 жылдың қыркүйегі мен биылғы қыркүйек аралығында атқарған шараларға шолу жасалды. Имамның айтуына қарағанда, бір жыл ішінде қаншама кейінгі жастарға үлгі-өнеге боларлық істер жүзеге асырылды. Жұртшылықты имандылыққа баулу мақсатындағы тындырылған жұмыстар да аз емес. 

Осы басқосуда мешіттің есепшісі Сабира Шоқанова да өзінің қызметі жайлы да әңгіме өрбітті. Түскен қаржының қандай мақсаттарға жұмсалғандығы жайлы толық баяндады.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру