Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Халал Даму: Супермаркеттерде аудит жүрді

halaldamu.kz 09.10.2020 3173 0 пікір
Халал Даму: Супермаркеттерде аудит жүрді

«Халал Даму» мамандары мен Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті өкілдері «Kең Mart» & «Magnum» супермаркеттері мен бірқатар дүкендерде ревизорлық жұмыстар жүргізді.

Бақылау-қадағалау шараларының басты мақсаты – сауда орындарында «ҚМДБ халал» өнімдерді сатуға қойылатын стандарт талаптарының сақталуын қадағалау. «ҚМДБ халал» таңбасын заңсыз пайдаланушылардың бар-жоқтығын анықтау.

Аудит барысында халал өнімдерді сатуға қойылатын стандарт талаптарын сақтамау, бұзу жағдайлары тіркелмеді. «Magnum» супермаркетінде тұтынушыларға арнайы «ҚМДБ халал» шұжықтар витринасы жасалынып, өнімдер халал стандарт талаптарына сай орналастырылған.

Тексеріс кезінде халық жиі тұтынатын «ҚМДБ халал» шұжық, тауық еті, жұмыртқа, ірімшік, сүт, май секілді өнімдердің стандартқа сәйкес орналастырылуы мен сатылуы қадағаланды. Сонымен қатар, «ҚМДБ халал» таңбасын заңсыз пайдаланған кәсіпорын өнімдері анықталмады. «Magnum» & «Кең mart» және жергілікті дүкендерде жүргізілген бақылау-қадағалау жұмыстары тек қана «ҚМДБ халал» сертификатына ие өнімдер мен халал таңбасын заңсыз пайдаланушыларға қатысты орындалғандығын ескертеміз.

Аталған сауда орындардағы «ҚМДБ халал» таңбасынан өзге «халал» белгілерімен сатылатын өнімдердің халалдығына жауап бермейтіндігімізді ескертеміз! Жергілікті сауда орындарын бақылау-қадағалау шаралары алдағы уақытта жалғасады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру