Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: Әйелдерге арналған семинар өтті

Қарағанды облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 08.10.2020 3121 0 пікір
Қарағанды: Әйелдерге арналған семинар өтті

Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасымен және өкілдіктің Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен Теміртау орталық мешітінде «Әйел адамның қоғамдағы орны» атты семинар өтті.

Игі шараға Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Асылхан Нұртайұлы қатысып, әйелді құрметтеу туралы айта келе ұлт тарихындағы абзал аналарымыздың ғибратты ғұмырына тоқталды. Сондай-ақ әйел адамның діндегі орны туралы салиқалы әңгіме өрбітіп, Ислам тарихындағы ардақты аналардың өмір жолынан деректер келтірді.

Шара барысында берекелі дастарқан жайылып, жиынға қатысушыларға Еркебұлан Нүсіпбаевтың «Пайғамбарымыздың отбасындағы мінсіз мәмілесі» кітабы сыйға берілді. Семинардан рухани азық алған әйелдер шара соңында жиынды ұйымдастырған Теміртау орталық мешітіне алғыс айтты. Жиын соңында Құран оқылып, дұға жасалды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру