Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан: Зекет парызы насихатталды

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 08.10.2020 2980 0 пікір
Түркістан: Зекет парызы насихатталды

Түркістан облысы бойынша зекет парызын насихаттау апталығы басталды. Ол үшін арнайы 16 мың дана мағлұмат кітапшалары мен визиткалар әзірленді.

Бұл кітапшаларда зекет жайлы мәліметтер, нисап мөлшері, реквизиттер, сұрақ-жауап алу үшін электронды пошта мен байланыс нөмірі көрсетілген. Зекетшілер өндіріс, жеке кәсіп, фабрика, фирма, шаруашылық, егіс алқаптары, цехтар, базарлар, дүкендер және т.б нысандардың барлығын аралап жүр.

Облыстық зекет жетекшісі Еркін Полатовтың айтуынша, кәсіпкерлер бастаманы қуана қабылдап жатыр. Екі күнде мыңға жуық адам қамтылып, мыңнан аса буклет таратылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру