Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: Пәтуа берудің маңызы талқыланды

azan.kz 08.10.2020 2753 0 пікір
Алматы: Пәтуа берудің маңызы талқыланды

Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқайдың қатысуымен, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің Алматы қаласы бойынша жауапты қызметкерлеріне арналған дөңгелек үстел өтті.   

Алқалы басқосуды Алматы Орталық мешітінің бірінші наиб имамы Ержан Есім жүргізіп отырды. Жиында ең алдымен сөз алған қаланың бас имамы Еркінбек Шоқай күн тәртібіндегі мәселелер мен тапсырмалардың орындалу барысымен танысты. Сондай-ақ дініміздегі пәтуа берудің маңызы мен жауапкершілігі жайында сөз қозғады. Соның ішінде қазіргі таңдағы отбасы мәселелеріне ерекше тоқталды.

Содан кейін Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша пәтуа ісіне жауапты қызметкер Дабылов Қайрат осы күнге дейінгі атқарылған шаралардың есебін баяндады. Жиын соңында қала аудандарына жауапты өкілдер өздерінің ұсыныс-пікірін айтып, ойын ортаға салды.  

Қаланың бас имамы ұсыныс-пікірлер бойынша арнайы тапсырмалар мен осы бағытты дамытуға нұсқаулықтар берді.  

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру