ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен елорда қарилары арасында Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ІХ республикалық Құран жарысына іріктеу өткізіледі. Сайысқа қатысушылар өз білімдеріне сәйкес 4 аталым (номинация) бойынша бақ сынай алады: «10 пара», «20 пара», «30 пара» және «Мәнерлеп оқу».
Қатысу шарттары:
- Қазақстан Республикасының азаматы болуы тиіс;
- Жасы 30-дан аспаған болуы керек;
- Өз номинациясы бойынша халықаралық, республикалық Құран жарыстарының жүлдегері болмауы тиіс.
Сайысқа қатысу туралы өтініштер 11 қазанға дейін қабылданады. Байланыс телефоны: 8 778 212 11 61 (Әділхан Серікбай)

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
muslim.kz
08.10.2020
3331
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру