ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі «Сауапты іске асығайық» атты өңірлік қайырымдылық акциясын жариялаған еді. Осы бағытта бірқатар шаралар жасалып жатыр.
Атап айтқанда Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы «Ақтас» мешітінің бас имамы Досжан Үмбет және «Зекет» қорының өңірдегі өкілі Хуат Аманболдар Глубокое аудандық ауруханасына 3 дана тыныс алу аппаратын табыс етті.
Құрылғыны аудандық аурухананың бас дәрігері Қ.Беделханов қабылдап алып, алғыс білдірді. «Халықтың денсаулығы – қашан да басты назардағы мәселе. Сондықтан сауапты іс жасаушыларға шынайы алғыс айтамын. Ауруханамыз жаңа құрылғымен толығып жатқанына қуаныштымыз» деп атап өтті аурухана басшысы.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
08.10.2020
2752
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру