Шымкенттегі Абдул Хамид Қаттани мешітінде «Әр аптада бір шара» жобасы аясында діни сауат ашу курсы шәкірттері арасында офлайн және онлайн түріндегі сайыс өтті.
Алдымен Абдул Хамид Қаттани мешітінің бас имамы Ахметжан қажы Керімбек шараның маңыздылығына тоқталып, Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының құттықтау сәлемін жеткізді.
Жарысқа қатысушылар «Ақида», «40 парыз» және «Сияр» пәндері бойынша сұрақ-жауап түрінде сайысқа түсті. Нәтижесінде Дүйсехан Нұрберді – жүлделі бірінші орынға, Мұхаммеджан Зеберхан – екінші орынға, ал Бекасыл Ергешбаев үшінші орынға ие болды.
Діни сауат ашу курсы шәкірттері арасында өткізілген жарыс жеңімпаздары мен қатысушыларына сый-сияпаттар мен алғысхаттар табысталды.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі
08.10.2020
2807
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру