Жуырда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан облысына сапары кезінде Сайрам ауданының Арыс ауылында Мүфтият салып берген амбулаториялық-емхананың ашылуына қатысқан болатын.
Осы сапар аясында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы аталмыш емханаға ең қажеттті медициналық құрылғылардың бірі һәм бірігейі оттегі концентраторын жеткізуді уәде еткен еді. Соған орай Діни басқарма салып берген емханаға Бас мүфтидің арнайы жолдаған аманатын Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов емхананың аға дәрігері Рана Артықова ханымға оттегі концентраторын табыс етіп, сәлемін жеткізді.
Сондай-ақ, игі шараға Түркістан облысы, Сайрам ауданның бас имамы Сейітахмет Темірбек, қалалық мешіттің іс басқарушысы Азамат Әбдікерімұлы, «Халал Даму» бөлімінің өкілі Қазыбек Сарыбаев, наиб имамдар Еркебұлан Қарақұлов, Мұхамеджан Естеміров, Дастан Желеуов, Марат Шайхов, Сабыржан Тәжиев және «Зекет» қорының өкілдері қатысты.
Айта кетсек, бұл емханаға ауылдың 2430 тұрғыны тіркеліп, қажеттіліке сай күнделікті ем-дом шараларын қабылдауда. Бүгінде, ауыл тұрғындарына емханада 5 дәрігер жұмыс істейді.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
iman.kz
07.10.2020
2959
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру