Жақында өткен Ұстаздар мейрамына орай бүгін ҚМДБ Нұр-Сұлтан өкілдігіне қарасты мешіттердегі әйел ұстаздарға құрмет көрсетіліп, мерекелік марапаттау рәсімі өтті.
Шәкірт тәрбиелеп, білім үйретумен қатар, құлшылық ордаларындағы қайырымдылық шараларын жандандырып, уағыз-насихат жұмыстарын да жемісті жүргізіп келе жатқан әйел ұстаздардың еңбегі ескеріліп, өкілдік атынан арнайы «Алғыс хат» табысталды.
Мерекелік шараға арнайы қатысқан Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов ізгі тілегін білдіріп, Ұстаздар мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ, ұстаздар мерекесіне орай баршасына арнайы гүл шоқтары мен сыйлықтар тарту етілді.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі
muslim.kz
07.10.2020
3000
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру