Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: Ақжайық мешіттері спорттық шаралар өткізді

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі islam-oral.kz 07.10.2020 912 0 пікір
БҚО: Ақжайық мешіттері спорттық шаралар өткізді

Батыс Қазақстан облысы мешіттерінің ұйытқы болуымен аймақтың қала, аудандарында спорттық шаралар ұйымдастырылды.

Мәселен, «Шынықсаң шымыр боларсың» деген ұранмен Орал орталық мешітінің ҚМДБ-ның 30 жылдығына орай атты 30  шақырымға жүгіруден жарыс өткізді. Бұл жарысқа он бестен астам желаяқ қатысып, салауатты өмір салтын ұстануды насихаттады. Жеңімпаздарды облыстың бас имамы Мұратбек Қыстаубаев арнайы құттықтап, дипломы мен бағалы сыйлықтарды табыстады.

Ал Жаңақала аудандық мешітінің бастамасымен, «Руханият» қоғамдық қорының қолдауымен аудандық мешіт жамағаты арасында спорттық жарыс өтті. Алдымен Жаңақала ауданы мешітінің бас имамы Жомарт Лұқпанов арнайы  қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарыс қорытындысы бойынша 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде табан тартыстан Медет Сексенғалиев қарсылас шақ келтірмесе, 2-орын Нұрлыбек Өтепқалиевқа бұйырды. Ал 3-орын Нұрлыбек Жүнісовтің еншісінде кетті.

Сонымен бірге қол күрестен 1-орынды Аян  Қолжанов жеңіп алса, 2-орынды Қайрат  Шәутенов місе тұтты, 3-орын Аманат Орашевке бұйырды. «Күш атасын танымас» номинациясына Қайрат Шәутенов, Азамат Бейсембаев ие болды. Жарысқа қатысушыларға арнайы дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі