Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Имамдар облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 07.10.2020 3385 0 пікір
Қызылорда: Имамдар облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды
Қызылорда облысының Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандарының бас имамдары облыс әкімі Гүлшара Наушақызының алғыс хатымен марапатталды.
 
Аймақ басшысының орынбасары Серік Әбжәліұлы имамдармен өткізген кездесуінде пандемия кезінде майданның алдыңғы шебінде күрескен дәрігерлерге қолдау білдіріп, тұрғындарға игі бастамаларымен демеу бола білген мешіт қызметкерлері мен ерікті жамағаттың атқарған игі жұмыстары үшін ризашылығын жеткізіп, имамдарға әкімнің алғыс хатын табыстады.
 
Айта кетейік, ҚМДБ «Зекет» қайырымдылық қоры Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен жыл басынан бері жалпы 6 мұқтаж жанұя баспаналы болса, 2 құдық, 1 көпір ел игілігіне берілген. Сонымен қатар, 7822 отбасыға 39 тонна 400 кг ет, 3682 отбасыға азық-түлік қоржындары, 5 тонна көмір және де 21 қорап медициналық қолғап, 12000 жуық бетперде таратылса, ауруханаларға 11 оттегі концентраторы, 620 толтырылған оттегі шары, 63 дана қорғаныш киімі жеткізіліп, 2600 оттегі шары тасымалданған болатын.
 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру