Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар: Құран оқудан іріктеу жарысы өтті

Павлодар облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 06.10.2020 3428 0 пікір
Павлодар: Құран оқудан іріктеу жарысы өтті

Екібастұз қалалық мешітінде ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойына орай өтетін республикалық Құран оқу жарысының аймақтық іріктеу сайысы өтті.

Екібастұз қалалық мешітінің бас имамы Бауыржан Отарбаев қатысушыларға табыс тілей келе, биылғы ауыр індет зардабынан бақилық болған дін қайраткерлері, қарилар, дін қызметшілерінің рухына арнап Құран оқып, дұға бағыштады.

Сайысқа Павлодар облысына қарасты қала, аудан мешіттерінің Діни сауат ашу курсында оқитын 30 жасқа дейінгі 21 шәкірт қатысты. Байқау қатысушыларына Мәшһүр Жүсіп қарилар даярлау орталығының директоры Манас қари Жұмалинов, Екібастұз қалалық мешітінің наиб имамы Әкбарқожа қари Юнусов және «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің ұстазы Дәулет Рүстемов секілді қазылар алқасы баға берді. Жарыс екі номинация бойынша өткізіліп, үміткердің Құранды тәжуид қағидасына сай мәнерлеп әрі көркем оқуына және билет бойынша берілген сұрақтарға дұрыс жауап беруіне баса назар аударылды.

Жарыс қорытындысы бойынша бас жүлде және республикалық сайысқа жолдаманы Екібастұз қалалық мешітінің шәкірті Әбілдәбек Нұрахмет еншіледі. 1-орынды (30 мың теңге) Қуаныш Серіков («Әбу Бәкір Сыддық» медресе-колледжінің ұстазы), 2-орынды (20 мың теңге) Ержан Әміралинов («Әбу Бәкір Сыддық» медресе колледжінің шәкірті), 3-орынды (10 мың теңге) Әбдікәрім Төлеубаев (Ақсу қалалық мешіті) жеңіп алса,  «Ең жас қатысушы» арнайы номинация сыйлығын 7 жасар Мұхтар Абдурахман (10 теңге) иеленді.

Жарысқа «Зекет» қорының Екібастұз қалалық өкілдігі демеушілік жасап, жүлдегерлер мен қатысушыларға сый-сияпат үлестірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру