Таяуда ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан облысына сапары кезінде Сайрам ауданының Арыс ауылындағы мешітте имамдық қызмет еткен, пневмония дертінен қайтыс болған марқұм Мадикарим Құрбанбаевтың ұлына «Ел үлесі – пәтерге» акциясы бойынша баспана кілтін табыс еткені баршаға аян.
Бүгін қамқорлық һәм қайырымдылық шараларының жалғасы ретінде арнайы сапар ұйымдастырылып, әрі жағдайын білу мақсатында өңір имамдары марқұм Мадикарим Құрбанбаевтың шаңырағына бас сұғып, Құран бағышталды. Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов Мадикарим имамның ұлы Абдулбасидке азық-түлік салынған себет және Діни басқарманың арнайы жолдаған тұрмыстық қажетті заттарды тапсырды.
Игі шараға Түркістан облысы, Сайрам ауданның бас имамы Сейітахмет Темірбек, қалалық мешіттің іс басқарушысы Азамат Әбдікерімұлы, «Халал Даму» бөлімінің өкілі Қазыбек Сарыбаев, Еркебұлан Қарақұлов, Мұхамеджан Естеміров, Дастан Желеуов, Марат Шайхов, Сабыржан Тәжиев және «Зекет» қорының өкілдері мен мешіт жанындағы ерікті жамағат қатысты.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
iman.kz
06.10.2020
3124
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру