Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Мешіттердің жылыту маусымына дайындығы тексерілді

Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 06.10.2020 2646 0 пікір
Ақтөбе: Мешіттердің жылыту маусымына дайындығы тексерілді

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Алмат Амангелдіұлы Мұғалжар аудандық «Нұртай» мешіті мен Ембі қалалық «Нұр» мешітінің тыныс-тіршілігімен танысып, жылыту маусымына дайындығы мен тазалығына көңіл бөлді.

Ембі қалалық мешітіне кішігірім жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттігін ескеріп, сол істі жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ аталған мешіттің ауласына тұрғызылуы жоспарланған асхана құрылысымен танысты.

Алмат Амангелдіұлы сондай-ақ Жұрын ауылдық мешітінде болып, мешіттің жылыту маусымына дайындығын тексеріп, жылыту құралдарын тезірек жөндеуден өткізуді тапсырды.

Айта кетейік, еліміздегі мешіттердің тұрмыстық жағдайы мен ондағы діни қызметкерлерге көмек көрсету – ҚМДБ-ның басты міндеттерінің бірі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру