Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскемен: Азан жарысы онлайн өтті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 06.10.2020 3464 0 пікір
Өскемен: Азан жарысы онлайн өтті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде онлайн түрде IV республикалық «Әдемі әуезді азаншы» жарысына іріктеу сайысы өтті.

Сайысқа мешіттің наиб имамдары мен ұстаздары қазылық етті. Бәсекеге азанды нақышына келтіре шақыратын оннан аса азаншы қатысты. Қатысушылар азанды бар мәнеріне келтіре шақырып, өздерінің азан айту шеберлігін сарапқа салды. Сайыста азаншыларыдың азан айту шеберлігіне баға берумен қатар ауызша сұрақ қойылып, діни білімі де тексерлді.

«Азан үні Исламның бір кереметі саналады. Бұл сайысты өткізудегі мақсатымыз – республикалық дәстүрлі азаншылар сайысына қатысатын үміткерді анықтау және азаншылардың азан айту шеберлігін шыңдау, ынталандыру» деді Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бірінші наиб имамы Дәулет Қабидолдин.

Сайыс қорытындысы бойынша Серік Нұрбек топ жарып, Ақтау қаласында өтетін IV республикалық «Әдемі әуезді азаншы» жарысына қатысуға жолдама алды. Жүлдегерлердің бәрі де бағалы сыйлықтарға ие болды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру