Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: Мешіт пен медресе бой көтеріп келеді

Қарағанды облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 06.10.2020 3340 0 пікір
Қарағанды: Мешіт пен медресе бой көтеріп келеді

Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапырмасымен Қарқаралы ауданының имамы Митератбек Орынбекұлы елдімекеннің тыныс-тіршілігі жайлы баяндады.

ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойы қарсаңында Қарқаралы ауданында бірнеше шара жүзеге асты. Әлі атқарылатын шаруа да шаш-етектен. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) медресе салуды адам өмірден өтіп кетсе де сауабы үзілмей барып тұратын жақсы амалға жатқызған. Осындай сауапты амал Қарағайлы елдімекенінде жүзеге асып жатыр. Аудан имамы медресе құрылыстың бағыт-бағдарын бақылаумен қатар аймақтың әкімімен жүздесіп, ақсақалдарымен кездесті.

Сондай-ақ Митератбек Орынбекұлы Еңбек ауылында жүргізіліп жатқан мешіт құрылысымен танысты. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өз хадисінде: «Кім жер бетінде Алланың үйін салуға атсалысса, Алла Тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды» деген. Ислам тарихында мешіт салу барша пайғамбарлар шұғылданған қадірлі іс болған. Аудан имамы осы игі іске демеуші болған жомарт жандармен кездесіп, құрылыс барысымен танысты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру