Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылжарда азаншылар жарысының іріктеу кезеңі өтті

СҚО Қызылжар мешітінің баспасөз қызметі qyzyljarmeshit.kz 05.10.2020 2431 0 пікір
Қызылжарда азаншылар жарысының іріктеу кезеңі өтті

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Діни басқарманың 30 жылдығына орай «Әдемі әуезді азаншы» республикалық азаншылар жарысының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша іріктеу кезеңі өтті.

Облыстық орталық «Қызылжар» орталық мешітінде өңір азаншылары арасында өткен сайыстың алғашқы кезеңінде қатысушылар әдемі әуездерімен азан айтып, келесі кезеңде тақырыпқа сай сұрақтарға жауап берді.

Нәтижесінде СҚО Қызылжар аудандық «Кәусар» мешітінің наиб имамы Абдолла Мухаммад жеңіске жетіп, республикалық жарысқа жолдамаға ие болды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру