Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Халал Даму: «Алатау-құс» кәсіпорны сертификат жаңартты

halaldamu.kz 05.10.2020 3693 0 пікір
Халал Даму: «Алатау-құс» кәсіпорны сертификат жаңартты

Алматы қаласында орналасқан ірі құс фабрикаларының бірі – «Алатау-құс» кәсіпорны «ҚМДБ халал» сертификатын жаңартты. Сертификатты Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай табыстады.

Жергілікті жауапты өкіл Чадаев Маратхан кәсіпорын аумағында тиісті инспекциялық бақылау-қадағалау жұмыстарын жүргізіп, мекеме қызметкерлеріне оқу-семинар шараларын өткізді.

«Алатау-құс» кәсіпорны 100 түрлі сауда белгімен құс еті өнімдерін, шұжық және жартылай дайын өнімдер (полуфабрикат) өндіреді. Құс фабрикасы «Мал бауыздау және ет өңдеу», «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы стандарт» талаптары бойынша сертификатталды.

«Алатау-құс» кәсіпорнына берілген «ҚМДБ халал» сертификаты 1.10.2020-30.09.2021 мерзімі аралығында жарамды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру