Жуырда ҚМДБ-ның Шымкент қаласы, Абай аудандық «Нұр-Төбе» мешітінің бас имамы Бердалы Жәміш ауданға қарасты мешіттердің тыныс-тіршілігімен танысты.
Аталмыш аудандық мешіттің имамы жуырда ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен тағайындалған болатын. Ауданның жаңа бас имамы Бердалы Жәміш мешіттерді аралап, танысып, мешіт имамдарына бірқатар тапсырмалар берді.
Сондай-ақ, Мүфтият және өкілдік тарапынан берілген тапсырмалардың орындалу барысы, мешіттердегі онлайн уағыз-насихаттар, мешіттердің санитарлық талаптарды сақтауы, онлайн діни сауат ашу курстарының жұмысы, аудандық ЖАНТ мүшелерінің жұмысы, кереғар ағым өкілдерімен жұмысты жан-жақты жүргізу, діни басқарманың төл басылымдарына жазылу барысы т.б. мәселелер қаралды.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
iman.kz
05.10.2020
3517
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру