ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Діни басқарманың 30 жылдығына орай Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде ІV республикалық азаншылар жарысының іріктеу кезеңі өтті.
Додалы жарысқа қала мешіттерінің әсем әуезді он бір (11) азаншысы қатысып, өзара бақ сынады. Іріктеу сайысына Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Асылхан Нартайұлы, РАНТ мүшесі, Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің бас имамы Жанболат Қошкелді, Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітіне қарасты «Олжас Есенұлы» атындағы діни сауат ашу қайырымдылық орталығының ұстазы Тоқтар Ғабдуллаұлы төрелік етіп, қатысушыларға әділ бағасын берді.
Азан айтудың тәртіп пен әдебін сақтай отырып азан айтқан қатысушылар төрешілер мен көрермендердің құлақ құрышын қандырып, ерекше әсер сыйлай білді. Іріктеу сайысына қатысып, өз бақтарын сынауға келген азаншыларға Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ Қазкенұлы сәттілік тілеп, батасын берді.
Сайыс нәтижесінде ІV республикалық азаншылар жарысының Қарағанды облысы бойынша іріктеу сайысында жүлделі І орынды Сәтпаев қалалық «Балмағамбет Балқыбайұлы» мешітінің азаншысы Сағындық Ахмедиянов жеңіп алып, Маңғыстауда өтетін республикалық жарысқа жолдама алды. Ал ІІ орынды Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің наиб имамы Сұлтан Аманжолов, ІІІ орынды Теміртау орталық мешітінің ұстазы Серіжан Аудабаев қанжығасына байлады.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі
ihsan.kz
05.10.2020
3277
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру