Оралда Батыс Қазақстан облыстық орталық мешітінде «Әсем әуезді азаншы» атты облыстық азаншылар жарысы ұйымдастырылды. Аталмыш сайысқа өңірден 12 азаншы қатысты.
Жарыс екі кезеңнен тұрды. Қазылар алқасында ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Мұратбек Қыстаубаев, наиб имамдар Самат Алибаев пен Ерденбек Ихсанов төрелік етті. Қазылар алқасы алғашында азаншының тәджуиді мен мақамына мән берсе, келесі кезеңінде азан тақырыбы аясында сұрақтар қойылды.
Сайыс қорытындысында облыстық орталық мешітінің азаншысы Асхат Асылбекұлы бірінші орынды жеңіп, Маңғыстау облысында өтетін республикалық азаншылар жарысына жолдама алды. Орал орталық мешітінің наиб имам Мейрамбек Абдрахманов иемденсе, ал үшінші орын Мұхамед-Ғариф Түлбаев атындағы Орал қалалық мешітінің наиб имамы Саят Қанатқалиға бұйырды. Ал қалған барлық қатысушыларға мадақтама дипломы табыс етілді.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі
islam-oral.kz
05.10.2020
3411
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру