Күз мезгілі келісімен жылдағы үрдіс бойынша ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша өкілдігі сенбілік шараларын ұдайы жүргізуде. Бүгін де осындай игі шара Ақтөбе облысы мешіттерінде өтті.
Сенбілікке облыстың бас имамы Төлеби Оспан өзі бастамалық жасап, мешіттердің ұжымы және жұдырықтай жұмылған жамағаттары да атсалысты. Жамағат асарлатып, ішкі сыртқы тазалықтар толық жасалды. Атап айтсақ, әдеттегідей ағаш түптері қопсытылып, әктеліп, мешіт аулалары қоқыстан тазартылды.
Сондай-ақ әртүрлі жас ағаштардың түптері отырғызылды. Сенбілікке қатысқан барша жамағатқа өз алғыс білдіреміз. Алдағы уақытта иманның жартысы болған тазалық жұмыстары өз жалғасын таппақ.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
nurgasyr.kz
03.10.2020
3001
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру