Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«ХАЛАЛ ДАМУ» ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ӨСКЕМЕНДЕ КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 03.10.2020 3816 0 пікір
«ХАЛАЛ ДАМУ» ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ӨСКЕМЕНДЕ КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы халықтың денсаулығын сақтау, халықты халал өнімдермен қамтамасыз ету бағытында әр өңірде халал өнімдерді насихаттау, халалдың маңыздылығын түсіндіру шаруаларын нәтижелі жүргізуді тапсырған болатын.

Осыған байланысты ҚМДБ «Халал даму» директоры Айбек Аташев Өскемен өңіріне іс сапармен келді. А.Аташев сапар барысында Өскемен өңіріндегі халал сертификатына ие болған кәсіпорын басшыларымен және аудан, қала мешіттеріндегі халалға жауапты мамандармен бірлескен кеңес өткізді.

Жиынға қатысқан ҚМДБ Өскемен аймағының бас имамы Ермек Қасболатұлы: «Өңірде жүйелі түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде Өскемен аймағында «Халал» мәртебесіне ие болған кәсіпорындар саны өсе түсуде. Біз арнайы насихат шараларын жоспарлап, іске асыру үсітндеміз» деп атап өтіп, осы бағыттағы шаралар жайлы айтып өтті.

Басқосуда ҚМДБ «Халал даму» директоры Айбек Асқарбекұлы: «Халық қазіргі таңда Халал сертификаты бар кәсіпорындар шығарған азық-түлік өнімдерін көп таңдайды. Әсіресе індет кезінде халықтың халал өнімдерге сұранысы арта түсуде. Сондықтан Халал стандартқа өтіп жатқан кәсіпорындар саны ай санап көбейіп келеді. Таза, денсаулыққа пайдалы азық-түлік тұтыну насихатталып жатыр. Біз бұл бағыттағы үгіт шараларын кәсіпорындар арасына үнемі насихаттауымыз керек. Халалдың маңызы туралы халықты ақпараттандыру күн тәртібіндегі мәселе» деп ерекше атап өтті.

А.Аташев сонымен қатар кәсіпорын басшыларының қойған сауалдарына жауап берді. «Халал даму» директоры кәсіп иелеріне берекет тілеп, атына заты сай болып, халыққа адал қызмет етуді үндеді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру